127
Бурабайда 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Ведомствоның мәліметінше, өрт ғимарат ішінде тез таралып, 25 шаршы метр аумақты шарпыған

Бурабай ауданының Бурабай кентінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында үйдің бір бөлмесінен 63 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт ғимарат ішінде тез таралып, 25 шаршы метр аумақты шарпыған.
“Өрт туралы хабарлама жедел қызметтерге түсті. Араға 25 минут салып, жалын оқшауланып, көп ұзамай толық сөндірілді. Алайда үй ішінде болған адамды аман алып қалу мүмкін болмады”, – деп мәлімдеді ТЖД.
Оқиға орнында өрт зертханасының мамандары жұмыс істеп, өрттің шығу себебін анықтауда. Тергеушілер электр сымдарының ақауы мен отты абайсыз қолдану нұсқаларын қарастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы әлі анықталуда.