Павлодарда жоғалып кеткен кәсіпкер іздестіріліп жатыр

Ер адамның жоғалғаны туралы арызды оның туыстары берген

Павлодарда жоғалып кеткен кәсіпкер іздестіріліп жатыр
Павлодар облысының ПД
669

Павлодарда полиция қызметкерлері 52 жастағы кәсіпкерді іздестіруге кірісті. Ол жұмысқа жеке көлігімен шығып, жоғалып кеткен.

Полицияның мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы арызды оның туыстары берген.

"Із-түзсіз жоғалған Асулан Хамитович Нұрмағамбетов, 1972 жылы туған. 21 ақпанда шамамен 14:40-та ол ақ түсті Toyota Camry-50 (мемлекеттік нөмірі 039 OFA 14 аймақ) көлігімен үйінен жұмысқа шыққан, бірақ әлі күнге дейін оралмаған", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Белгілі болғандай, павлодарлық азамат жергілікті фирмалардың бірін басқарады.

Ер адамның бойы 170-175 см, орта дене бітімді, көзілдірік тағады, өзімен бірге ұялы телефоны болған.

Ол жоғалған кезде қою көк түсті пуховик, сұр бас киім, қара джинсы және қоңыр түсті жартылай спорттық аяқ киім киген.

"Осы азаматтың орналасқан жері туралы кез келген ақпараты бар адамдардан 102, 8 (7182) 37 76 10, 37 76 11 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз. Аноним болатынына кепілдік беріледі", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары