Бухарест Наурыз мейрамын атап өтті

Бухарест Наурыз мейрамын атап өтті

Бухарест Наурыз мейрамын атап өтті
ашық дереккөзі
Жуырда Румыния астанасында «Наурыз мейрамына» байланысты Румыния Сыртқы Істер министрлігі көмегімен Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны Қазақстан Елшісі Дәулет Батырашев ашты. Соңынан көптеген қонақтар, оның ішінде румыния жұршылығы және шетелдік дипломатиялық корпусының өкілдіктері алдында «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбль әртістері өнер көрсетті. Мерекелік ісшара үстінде қонақтар қазақтың киіз үйінің ішкі жабдықтарымен, түрік халықтарының дәстүрлерімен, жәдігерліктерімен танысты және ұлттық тағамдардың дәмін татып көрді. Мерекелеу шеңберінде марапаттау рәсіміне Румыния футбол құрамасының өкілдіктері қатысқан «Cupa Nauryz 2017» футболынан дипломатиялық турнир өтті.  width= Бухарестте өткен мәдени-спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толуына арналған іс-шаралардың бай күнтізбесін ашуда.  

Айганым Маман, Бухарест