Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі
сурет ашық дереккөзден алынды
224

Шымкентте «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, "Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады, деп хабарлады turkystan.kz el.kz сайтына сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын»  және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады», - делінген хабарламада.

Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936. 

Серіктес жаңалықтары