301
Зумерлер бас әріптен неге бас тартып жатыр?
Сарапшылардың айтуынша, бас әріптерден бас тарту – цифрлық дәуірдегі жаңа өзіндік мәнер.

Бас әріп – ресмилік, ал кіші әріп – жылы қарым-қатынас. The Guardian басылымының жазуынша, зумерлер бас әріптен саналы түрде бас тартып, оны стильге айналдырды.
Мәтінді тек кіші әріппен жазу енді жай ғана жалқаулық емес, бұл – шынайылық пен достық атмосферасын тудыратын тренд. Бұл үрдіс тек хабарламаларда ғана емес, кеңірек таралып келеді: Билли Айлиш ән атауларын кіші әріптермен жазады, Spotify плейлисттерін осылай безендіреді, ал ірі брендтер әлеуметтік желілердегі сөйлесу мәнерін қайта қарастыруда.
Сарапшылардың айтуынша, бас әріптерден бас тарту – цифрлық дәуірдегі жаңа өзіндік мәнер. Ол ресмилікті азайтып, сөйлеу стилін еркін, табиғи әрі достыққа жақын етіп көрсетеді. Брендтер үшін бұл аудиторияға жақындай түсудің бір жолы, ал жастар үшін – заманға сай өзіндік ерекшелік.