Президент Әл-Хусейния сарайына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.

Президент Әл-Хусейния сарайына барды
Aqorda
Автор
Админ
160

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Серіктес жаңалықтары