бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Павлодар тұрғыны өз үйінде онлайн-казино ұйымдастырған

/
istockphoto.com
Заңсыз онлайн-казиноны департамент мамандары интернет-платформаға мониторинг жүргізу кезінде анықтады.

Заңсыз бизнеспен айналысқан жігіт әлеуетті клиенттердің тобын құрып, онлайн покер ойнауды ұсынып отырған. 

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өз үйінде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған азаматтың ісін сот қарауына жөнелтті. Департамент басшысының орынбасары Ринат Арғынбековтің айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қозғалған.

«Ер адамның үйін тінту барысында 37 монитор мен 14 жүйелі блок, 45 ұялы телефон, 7 ноутбук, ақшалай 700 мың теңге және 5 мың ресей рублі, 2 флеш-жинақтауыш, 6 дискі, покер ойынына арналған жинақ табылды. Заңсыз онлайн-казиноны департамент мамандары интернет-платформаға мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Ол адамдарды жұмысқа қабылдап, тәулік бойы жұмыс істеген. Әрбір сегіз сағат сайын ауысып отырған. Әлеуетті клиенттеріне онлайн покер ойнауды ұсынып, ұтыс ақшасын картасына қабылдап келген», — дейді Ринат Арғынбеков.

Ер адамның заңсыз жолмен тапқан ақшасы тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бөлісу: