АҚШ-та Galaxy S8 және S8+ жаңа смартфондары таныстырылды

АҚШ-та Galaxy S8 және S8+ жаңа смартфондары таныстырылды

АҚШ-та Galaxy S8 және S8+ жаңа смартфондары таныстырылды
ашық дереккөзі
176
Samsung компаниясы Galaxy S8 және S8+ жаңа смартфондарын таныстырды, деп хабарлады ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап. S8-дің экраны – 5,8, ал S8+ – 6,2 дюйм. Смартфондар негізгі және фронтальды камералармен жарақтандырылған, мегапиксельдері сәйкесінше – 12 және 8. Samsung-тің жаңа флагманының көлемі негізгі бәсекелестер iPhone 7 және iPhone 7 Plus-терден біршама үлкенірек. Телефон жадының көлемі – 64 гигабайт, оперативті жады 8 гигабайтты құрайды. Жаңа модельдерде Apple-дің Siri сервисіне ұқсас дыбыстық ассистент – Bixby болады. Хабарланғандай, АҚШ-та смартфондар сатылымға 2017 жылдың 21 сәуірі күні шығады. Еске салайық, 2016 жылдың қазанында Samsung компаниясы Galaxy Note 7-мен болған түйіткілдерге байланысты Galaxy S8-дің шығарылымын тоқтатқан болатын. Аталмыш модельді телефондар қуаттау кезінде жарылып, жана бастайтын. Нәтижесінде, өндіруші компания 2016 жылдың қыркүйегінде 2,5 миллион смартфонды әлемдік нарықтан қайтарып алды.

Серіктес жаңалықтары