сенбі, 19 сәуір, 2025

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогінде қола жүлде алды

/
Olympic.kz
Қола медальді елге Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалияхметов әкелді.

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Милан (Италия) қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар жүлдегер атанды. Қола медальді елге Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалияхметов әкелді.

Бірінші орынды Италия жеңіп алса, Канада екінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары