Жәмила Бақбергенова Беларусьте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Финалда ол қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаеваны ұтып, алтын медаль иеленді

Жәмила Бақбергенова Беларусьте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
olympic.kz
218

Беларусь астанасы Минскте күрес түрлерінен КСРО спорт шебері, үш дүркін Олимпиада және жеті дүркін әлем чемпионы Александр Медведь атындағы халықаралық турнир өтіп жатыр.

Әйелдер күресінен Қазақстанның үздік балуаны Жәмила Бақбергенова 72 келі салмақта жеңімпаз атанды. Финалда ол қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаеваны ұтып, алтын медаль иеленді.

Бұл – Жәмиланың 2025 жылғы алғашқы жарысы. Соңғы рет ол былтыр әлем чемпионатында күміс жүлде алған болатын.

Серіктес жаңалықтары