306
Каспий теңізінің қызыл түске боялуы: экологтар түсініктеме берді
Сынама нәтижесі бойынша қауіпті заттар анықталмаған

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары 2025 жылдың 12 ақпанында Каспий теңізінің қызыл түске боялуына байланысты су үлгілерін алып, химиялық және мұнай өнімдеріне талдау жүргізді.
Сынама нәтижесі бойынша қауіпті заттар анықталмаған.
«Талдау қорытындысы бойынша ешқандай ластаушы зат тіркелген жоқ, бәрі қалыпты. Бұл құбылыс балдырлардың әсерінен болады. Олар суға қою қоңыр немесе қызыл түс береді. Қар жауғандықтан, бұл жолы құбылыс айқынырақ байқалды. Балдырлар негізінен таяз суда, біздің жағалауда өседі. Олардың көп жиналған жерлерінде судың түсі өзгеріп тұрады. Біз бұл табиғи құбылыс екенін білсек те, су сапасын тексеру – біздің міндетіміз», – дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек.