Наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.
ҰБТ 1 наурыз - 5 сәуір аралығында өтеді.
Талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды.
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.