Маңғыстауда тұрғындар тегін донер мен суши үшін төбелес шығарған

/
Маңғыстауда тұрғындар тегін донер мен суши үшін төбелес шығарған
скриншот
Ал суши мен донер таратқан мекеме иесіне айыппұл салынды.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында тегін донер мен суши үшін тұрғындар көп жиналып, бір-бірін таптап кете жаздады. 

Оқиға орнына полицейлер келіп, жұртты сабырға шақырды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

Дәмхана иесінің айтуынша, ол адам көп жиналады деп ойламаған.

«Қызылтөбе ауылында тұрғындардың көп жиналуына байланысты, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орынды өзгертіп, басқа ауылда өткізіп жібердік. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын», - дейді кәсіпкер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары