314
1 млн қазақстандық жауынгер туралы платформа іске қосылады
Цифрландыру – мәдениет пен ақпарат саласындағы тың мүмкіндіктер алаңы.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар жоспарлануда, деп хабарлады turkystan.kz.
«Батырларға тағзым» онлайн-платформасы іске қосылады. Порталға 1 млн-ға жуық қазақстандық жауынгердің есімі бойынша мәліметтер, сондай-ақ жеке құжаттары мен фотосуреттері енгізілді.
Аида Балаева саланы цифрландыру мәселесіне де жіті назар аудару қажетін айтты. Цифрландыру – мәдениет пен ақпарат саласындағы тың мүмкіндіктер алаңы.
Министрлік мәдени мұраларды сақтау және қолжетімді ету үшін цифрландыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. «E-museum» веб-порталы іске қосылып, Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі жасақталмақ. Бұл жоба тарихи-мәдени мұраларға 3D-модельдеу технологиясын қолдану арқылы онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз етеді.