жұма, 18 сәуір, 2025

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

/
instagram
Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады.

«Құрметті жанкүйерлер, бұйырса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйырса екі әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік!», – деп жазды боксшы желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары