«AMANAT»: «Жайлы мектептердің» құрылысы партия бақылауында болады

Өңірде 6 900 оқушыға арналған 10 мектеп құрылысы басталып, Қызылорда қаласында  2, Жаңақорған ауданында  2, Арал ауданында 1 пайдалануға берілді.

«AMANAT»: «Жайлы мектептердің» құрылысы партия бақылауында болады
ағы партиялық бақылау комиссиясы төрағалары, облыстық, қалалық мәслихаттардағы
216

Бүгін партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық, қалалық партия филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағалары, облыстық, қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерімен бірге Қызылжарма ауылдық округінде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысымен танысты.

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі білім ордасы 600 орынға арналған. Жоба құны 4 225 102 595 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Білім ордасының құрылысын 40 жылға жуық салада тәжірбиесі бар өңірлік «Асар»ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні білім ошағының құрылыс жұмыстары 65 пайызға аяқталған. Құрылыс материалдары жеткілікті. Мердігер мекеме басшысы Қанағат Сақтағанов құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауға бар күшімізді салып жатырмыз дейді.

Мониторинг барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов мердігер, тапсырыс беруші, қадағалаушы  мекеме өкілдеріне Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысының тікелей қадағалауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асып жатқандығын тілге тиек етіп, құрылыс сапасына жауапкершлікпен қарауға шақырды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы заман талабына сай  жүзеге асып жатқан ауқымды жоба. Өздеріңізге белгілі жоба аясында өңірде 6 900 оқушыға арналған 10 мектеп құрылысы басталып, Қызылорда қаласында  2, Жаңақорған ауданында  2, Арал ауданында 1 пайдалануға берілді. Кеше ғана аймақ басшысымен бірге Жаңақорған ауданы «Саяжай» шағын ауданындағы 600 орындық мектептің ашылуында болдық. Білім ордасында балаларға ғана емес мұғалімдер үшін де барлық жағдай жасалған. Балалардың білім алуына жағдай жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбіріміздің парызымыз. Сондықтан құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуына жауапкершілікпен қарайық», - деді Алмасбек Есмаханов.

Білім ордасының құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Биыл жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы секілді қалған 4 «Жайлы мектеп» жаңа оқу жылына дейін халық игілігіне табысталғанша партия бақылауында болады. Оларға партиялық бекеттер орнатылған.

Серіктес жаңалықтары