Павлодар облысындағы трассада минивэн аударылып кетті

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысындағы трассада минивэн аударылып кетті
облыстық ПД
936

Жаңақала ауылының жанындағы Омбы-Майқапшағай автожолында Mitsubishi Delica автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Mitsubishi Delica жолда аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік құралына зақым келтіріп, жол ережесін бұзғаны үшін Mitsubishi жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сондай-ақ, 4 ақпан күні таңертең де Омбы-Майқапшағай автожолында бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Облыстық жедел жәрдем стансасына жол апаты туралы шақырту таңғы 08:45-те түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1959 жылы туған әйел қаза тапты. Ол Mitsubishi автокөлігінің жолаушысы болған.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы әлі жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Айта кетейік, синоптиктер сейсенбіде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қалың тұман түсетінін ескерткен.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ауа райының өзгеруін бақылау, көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық режимін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары