ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылды

3 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ақмола облысы:
- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 4 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
Жетісу облысы:
2025 жылғы 3 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктума ауылынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.