Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіске жетті

Әйелдер құрамасы ірі жеңісті тіркеді.

Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіске жетті
сурет ашық дереккөзден алынды
281

Қысқы Азия ойындарындағы алғашқы ойынында шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

 Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жариялады.

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Аруларымыз топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 15:0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойын ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді.

Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.

Серіктес жаңалықтары