Жантүршігерлік жол апаты Кентау – Түркістан трассасының 5-ші шақырымында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеңіл автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, өзіне қарама-қарсы келе жатқан көлікке соғылған.
«6 адам оқиға орнында қаза тапты. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам Кентау ауруханасына жатқызылды», - деді Түркістан облысының Полиция департаменті.