«150 рет танысқанбыз»: Илья Ильин өмірлік махаббатын қалай тапқанын айтып берді
Қос ғашық махаббат хикаяларын Динара Сәтжанның шоуында баяндаған.

Танымал спортшы, ауыр атлет Илья Ильин екінші жұбайы Татьянамен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады turkystan.kz.
«Фитнес залда жаттығып жүрген кезімізде бір-бірімізді үнемі көретінбіз. Амандасамыз да өтіп кетеміз. Бірақ екеуміз де танысқанымызды ұмытып кетеміз де, көрген сайын Илья, Татьяна деп қайтадан танысамыз. Сондай күндердің бірінде сөйлесіп кеттік», - дейді өткен күндерін еске алған Татьяна.
Спортшы қазір әлеуметтік желіде өте белсенді. Мұның сырын да өмірлік махаббатын жолықтыруымен байланыстырды.
«2016 жыл мен үшін ауыр жыл болды. 2020 жылы спорттағы мансабымды аяқтадым. Ол да оңай процесс емес. Сөйтіп біртіндеп ес жиып, қалыпқа келе бастадым. 2022 жылы өмірімде «сүйікті әйел» пайда болды. Өмірім өзгерді. Мен қазір бақыттымын», - дейді Илья Ильин.