293
"Көктеп шыққанда, үміт бары еске түседі": Басшы болған британдық әйел бақша егіп күйзелістен арылған
Ұлыбританияда жарнама саласында қызмет еткен Кэти жұмысына деген жеккөрініштігі мен үнемі күйзеліске түсуінің салдарынан ауыр күйзеліске ұшырап, қызметінен кеткен.

Жұмыстан зорыққан британдық әйел бақша егіп қалпына келген. Бұл туралы Guardian басылымы жазды.
Ұлыбританияда жарнама саласында басшы болған Кэти үнемі қарбаласып жүріп, салдарынан ауыр күйзеліске ұшыраған. Ақыры өз жұмысына деген құлықсыздық пайда болып, қызметінен кеткен. Түңілген сәтінде оған бақша күтімі көмектескен.
«Егер әлемнің астан-кестені шыққандай көрінсе, бақша егу – жанға демеу. Ол көктеп шыққанда, үміттің барын еске салады», – дейді Кэти.
Қазір ол көкөністер өсіріп, тамақ әзірлеп, өзінің осы тәжірибесін блогында бөлісуде.