Шымкентте пробацияда тұрған 138 адам түрмеге қайта қамалды

Сот шешімдері мен үкімдері негізінде қойылған шектеулерді орындамау бойынша 258 заң бұзушылық анықталды.

Шымкентте пробацияда тұрған 138 адам түрмеге қайта қамалды
istockphoto.com
390

Шымкент қалалық прокуратура пробация есебінде тұрғандарды тексеру бойынша мобильдік топ құрды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Тексеру барысында мобильдік топпен сотталғандардың сот шешімдері мен үкімдері негізінде қойылған шектеулерді орындамау бойынша 258 заң бұзушылық анықталды.

Тексеру қорытындысымен 192 сотталған әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 138 сотталғандардың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Қалалық прокуратура қайталанатын қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары