318
Бокстан Өзбекстан чемпионатында 2 этникалық қазақ топ жарды
Сондай-ақ тағы екі этникалық қазақ – Мадияр Сайдрахимов пен Арман Маханов күміс жүлдегерлер атанған.

Ташкентте бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста екі этникалық қазақ жеңіс тұғырынан көрінді.
Sports.kz сайтының жазуынша, 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Мадияр Данияров чемпион болған. Ол финалдық бәсекеде Шохрух Абдумаликовтан басым түскен.
63,5 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Руслан Абдуллаев топ жарған. Боксшы Адхамжон Мухиддиновтен айласын асырған.
Сондай-ақ тағы екі этникалық қазақ – Мадияр Сайдрахимов (92 кг дейінгі салмақ дәрежесі) пен Арман Маханов (+92 кг) биылғы чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанған.
Massaget.kz сайтының мәліметінше, Саят Ілиясов (54 кг) пен Сабыржан Тастанов (63,5 кг) қола жүлде алған.
Жалпы биылғы Өзбекстан чемпионатына 15 этникалық қазақ боксшысы қатысқан.