Әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде биге икемі жайында айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тамшылардан» кейін Ринат Гайсинның әні, ұмытпасам, «Говори о любви» жастарға бірден тарап кеткен әннің бірі болды. Осы әнге де өзіміз билеп, құрығанда “синхронно” қозғалып тұру керек негізі… Өмірімдегі ең бір іске асыра алмаған жалғыз жобам — билеу. «АБК-ны» биге үйретуші жалдап, ақ тер, көк тер болып, ұялғаннан би сабағына 2-3 ай қатыстық. Адамға Алладан беріле қоймаған дүниелер, мысалы “пластика” деген жарықтық біздерге, “общым” берілмегенге ұқсайды», — деп жазды әнші.