Былтыр 428,7 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Бас прокуратура кеңейтілген алқа отырысын өткізіп, 2024 жылғы жұмыстарды қорытындылады.

Былтыр 428,7 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Автор
Админ
207

Былтыр 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылған.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен шығу тегі түсініксіз активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілді. Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысында 565 инвестор нақты көмек алды, олардың ел экономикасына қосқан үлесі 10 трлн теңгені құрады.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, оның ішінде – 123 мың қызметкер, 1,9 млн-ға жуық жасөспірім,  23 мыңнан астам баланың пайдасына алимент бойынша 4,6 млрд теңге қарыз өндірілді.

Серіктес жаңалықтары