World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады.
Федерация мәліметінше, бокстан бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты белгілі болды. Осылайша, екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады.
«Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында қорытынды, яғни финалдық бәсеке орын алмақ», - делінген хабарламада.
Ал 2025 жылдың ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек күндері Ұлыбританияда өтеті деп жоспарланып отыр.