Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады

Министрлік мәліметінше, комиссия алдын ала есеп жарияланғанша ресми дереккөздері жоқ Интернеттегі деректерге түсініктеме бермейді.

Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысы әкімдігі
179

Қазақстанның Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты жаңа мәлімдеме жасады.

«Қазақстанның Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

Еске сала кетейік, комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады», –  делінген хабарламада.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ережелеріне сәйкес, алдын ала есеп әуе апаты болған күннен бастап 30 күн ішінде беріледі.

Бұған дейін, 25 желтоқсанда  Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Серіктес жаңалықтары