Ақтауда сарбаздың бетінен атқан офицердің соты ашық өтіп жатыр

Ақтау гарнизоны 25744 әскери бөлімінің зениттік артиллерия взводының командирі 22 жастағы Дамир Досов қамауға алынған

Ақтауда сарбаздың бетінен атқан офицердің соты ашық өтіп жатыр
istockphoto.com
377

19 жастағы қатардағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты атышулы іс Әскери сотқа тапсырылды.

Nege.kz мәліметінше, Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз өз командирі атқан оқтан қаза тапқан.

Осылайша, Ақтау гарнизоны 25744 әскери бөлімінің зениттік артиллерия взводының командирі 22 жастағы Дамир Досов қамауға алынған.

Жуырда жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат Азамат Сағал бұл іс бойынша сот отырысы 14 қаңтарға белгіленгенін жеткізді.

Еске салайық, 7 қыркүйекте «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы кезінде әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз Марат Ерболұлы Барқұлов рұқсат етілмеген оқтың салдарынан қайтыс болған қайғылы оқиға болған еді.  

10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында марқұмды жерлеу рәсімі өтті.

Серіктес жаңалықтары