Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, 2 бала қаза тапты

2017 және 2015 жылғы екі бала өрт сөндірушілер келгенше өздігінен шығып үлгерген.

Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, 2 бала қаза тапты
istockphoto.com
207

Түнде Пришахтинская көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үй өртенді. Құтқарушылар үйден 2020 және 2022 жылы туған балалардың мәйітін тапты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2017 және 2015 жылғы екі бала өрт сөндірушілер келгенше өздігінен шығып үлгерген. Көмірқышқыл газына уланған екеуі және 1964 жылы туған әйел де клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

«Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды», - деп қорытындылады ведомство.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

Серіктес жаңалықтары