Ертіске батып кеткен көліктегі 1 адам аман қалды – ТЖМ

Ал сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты.

Ертіске батып кеткен көліктегі 1 адам аман қалды – ТЖМ
instagram
161

Бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлікпен жүргізуші бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті. Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шықты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді.

Қазіргі уақытта құтқару операциясына: 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, су асты іздеуге арналған эхолот, 10 техника жұмылдырылған.

Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелерінің келуі күтілуде.

ТЖМ қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді аяқтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, оқиға орнында жұмысын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары