227
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Нью-Йоркте өткен соңғы турда Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің 17-чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өткен турнирде 11 турда 4 рет жеңіске жетіп, 7 рет тең ойын көрсетті, нәтижесінде 7,5 ұпай жинады.
1bol.kz мәліметінше, Нью-Йоркте өткен соңғы турда Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің 17-чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнады.
- Хампи Конеру – 8,5 ұпай
- Цзюй Вэньцзюнь – 8 ұпай
- Екатерина Лагно – 8 ұпай.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова 16-орын алды.
Ал ерлер арасында қазақстандықтар ішінен ең үздік нәтиже Ринат Жұмабаевқа тиесілі – ол 62-орынмен жарысты аяқтады.