Семейде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Семейде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды
istockphoto.com
236

Семей қаласында көлік қағып кеткен 77 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлады Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, «Volkswagen Vento» маркалы автокөлік жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 77 жастағы кейуананы қағып кеткен.

Жедел жәрдем келгенге дейін жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары