Сакура гүлдеген шақ

Сакура гүлдеген шақ

Сакура гүлдеген шақ
ашық дереккөзі
1463
АҚШ астанасы Вашингтондағы ауа райының күрт суытуына қарамастан сакура ағаштары бүршік жарды. Демалыс күні шаһарда көктемнің осы бір мезетіне арналған дәстүрлі ұлттық фестиваль басталды. Қалаға мыңдаған саяхатшы келген. Қонақтар сакураның ғажайып гүлдену сәтін көріп, түрлі шараларды тамашалады. Ал Вашингтон қаласына бұл ағаштарды 1912 жылы Токио мэрі АҚШ пен Жапония арасындағы достықтықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Сөйтіп саябақтарға 3 700 көшет отырғызылды. Біраз жылдан кейін сакураның гүлденуі Жапониядағыдай Вашингтонда да шаһар халқының асыға күтетін көрінісінің біріне айналды. Ал аталған фестиваль бірнеше аптаға созылады. Неха Орора, саяхатшы: - Бұл мекенде бірінші рет болуым. Сакураның гүлденгенін көріп, ерекше әсерге бөлендім. Мен мына гүлденген ағаштардың арасында бақытты сезініп тұрмын.  width= Жуырда Петропавл ботаникалық бағында да сакураның гүлденуіне дайындалып жатыр. Сакура ақпан айының ортасынан сәуір айының басына дейін гүлдейді. Бұл аралық Жапонияда «ханами» - «гүлге қарау» деп аталады. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да ботаникалық бақтан сакураның гүлдегенін тамашалай алады. Бұл сакураны Петропавл оранжереясын құрушы, ҚР Еңбек сіңірген агрономы Равиль Рязапов 1972 жылы Вьетнамнан әкелген. Бірнеше жыл бұрын қатты желден ғимараттың шатыры ұшып, ағаш суыққа үсіп кетті. Бірақ, жас бұталары сақталып қалды және жыл сайын бұтақтар гүлдеп тұрады.  width=  width= Жапонияға көктем Сакура ағашы гүлдегенде келеді. Жапонияның Ұлттық туристік ұйымы маманының айтуынша, «көптеген жапондықтар үшін Сакура шие ағаштарының гүлдеуі адам өмірін, адамгершілікті бейнелейді. Ханами деген дәстүрі - бұл жапондықтардың гүлдерге тамсанып қарау ұлттық дәстүрі. Ханами - өте қысқа мерзімді ғажайып сәт, небәрі 7-10 күнге созылады, ал кейін гүл жапырақтары түсіп қалады. Гүлдеп жатқан Сакураның әсемдігін бағаламай, көктемде Жапонияға барудың да қажеті шамалы».    

Серіктес жаңалықтары