Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде

Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
cурет: istockphoto.com
273

Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект (ЖИ) саласында бірлесіп жұмыс істеу үшін БРИКС+ альянсын құрды. Бұл туралы әлемдік БАҚ белсенді түрде жазып жатыр.  

Альянстың үйлестірушісі ретінде Ресейдің Сбер банкі таңдалған. Сбер қазірдің өзінде Шанхаймен серіктестік секілді бірнеше халықаралық жобаларды бастап кетті.  

Сарапшылардың айтуынша, альянстың біріккен технологиялық қуаты мен ресурстары батыс елдерінің ЖИ саласындағы барлық жетістіктерін басып озуы мүмкін. Альянс құрамына кіретін елдердің ірі ғылыми-зерттеу орталықтары, озық технологиялары және қомақты инвестициялары бірлесе отырып, ЖИ саласында жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді.  

БРИКС+ альянсының негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларын дамытуда серіктестік орнатып, білім және тәжірибе алмасу. Бірлескен жобалар аясында деректерді өңдеу, нейрондық желілерді дамыту, және ЖИ қосымшаларын қолдану саласында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.  

Бұл бастама тек экономикалық емес, саяси тұрғыда да үлкен маңызға ие. Жаңа альянс ЖИ саласындағы әлемдік көшбасшылық үшін үлкен бәсекелестік тудыратыны анық. 

Серіктес жаңалықтары