Павлодарда өртенген пәтерден 65 жастағы ер адамның денесі табылды

Көпқабатты үйден өз бетінше 17 адам мен үш бала эвакуацияланды.

Павлодарда өртенген пәтерден 65 жастағы ер адамның денесі табылды
istockphoto.com
170

Павлодардағы Рылеев көшесіндегі үш бөлмелі пәтерде өрт шығып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтерді тез арада сөндіруге кірісті. Жалпы ауданы төрт шаршы метрде үй заттары, жиһаздар мен ағаш еден жанды, – деді облыстық ТЖД.

Көпқабатты үйден өз бетінше 17 адам мен үш бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер үш тұрғынды шығарды. Өртті сөндіру кезінде 1959 жылы туған ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына ТЖД 16 қызметкері мен төрт техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары