«Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын» – Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов өзін жартылай орта салмақтағы әлем чемпиондарымен салыстырды

«Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын» – Данияр Елеусінов
Matchroom Boxing
292

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) батыл мәлімдеме жасап, жартылай орта салмақтағы әлем чемпиондарымен тең дәрежеде жұдырықтаса алатынын айтты.

Менеджерлік қателіктердің болғаны рас. Бірақ дәл қазір мен ешбір әлем чемпионынан кем емеспін. Танымалдық жағынан олар ілгері шығар, бірақ шаршы алаңда мен оларды оңай жеңе аламын. Өзіме толық сенімдімін, себебі олардың деңгейін жақсы білемін. Қазір кез келген чемпионды айқасқа шақыра аламын. Күшім де, тәжірибем де жеткілікті. Кроуфорд болсын, Эннис болсын – қай-қайсысымен де жұдырықтасуға дайынмын, – деді Елеусінов.

Серіктес жаңалықтары