572
YouTube тақырыбына мазмұны сәйкес келмейтін видеоларды өшіре бастайды
YouTube тақырыбына мазмұны сәйкес келмейтін видеоларды өшіре бастайды.
YouTube платформасы кликабельді тақырып қойылған видеоларды жою туралы шешім қабылдады. Компания мәлімдемесіне сәйкес, мұндай атаулар қолданушыларды алдау арқылы қаралым санын көбейтуге бағытталған және олар енді ережелерді бұзу болып есептеледі.
Мсалы, "Басты саяси жаңалықтар" деп аталған бейнеде нақты жаңалық репортаждары жоқ болса, контент өшіріледі.
Бұл шара платформаның пайдаланушыларына нақты және сенімді контент ұсынуға бағытталған. Ережелерді бұзған каналдарға ескерту жасалып, қайталанған жағдайда, шара қолданылмақ.