Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова халыққа алғыс айтты.
Ол ұлының барша қолдаушыларына жылы лебізін білдірді.
«Күні кеше «легенда» атағын алды. Өзі емес. Бұл атақты ел-жұрт берді. Бұдан кейін беймарал «легенда» дей беріңіздер. Ал мен тарихта қалуына себепкер болып, ат салысайын», - деп жазды продюсер.
Оған қоса Қайрат Нұртастың анасы бұл мәртебе ұлына ерен еңбектің арқасында келгенін айтты.
«Сіздер үшін тек жанды дауыста ән салады. Фонограммамен айтпайды. «Күндестің күні – қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр» демекші өсекті қойыңыздар! Қара термен келген еңбекті бағалайтын кез болды. Өсекті қоштамай, сәл көзді ашып, қошеметтейтін уақыттарыңыз болды», - деп жазды Гүлзира Үсенқызы.