«Жұлдызай өліп қалды»: Уәлибек Әбдірайымов «суық хабар» естігенде қандай күйде болды

Уәлибек аға көлікті бұрып, қайта артқа қайтқан

«Жұлдызай өліп қалды»: Уәлибек Әбдірайымов «суық хабар» естігенде қандай күйде болды
фото: видеодан скриншот
14208

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін “Шаншардың” сахнасына қайта оралған сәтін есіне алып, эфирде көңілі босады, деп хабарлайды Skifnews.kz

«Халықтың қошеметі ерекше болды. Сахнадағы сезімімді айта алмаймын. Оны өзің сезіну керексің. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған дейін осыны армандайтынмын. Ішімде эмоциям толып жатты. Қошемет көрсеткен кезде осы күнге дейін жасаған еңбегімнің еш кетпегенін түсіндім. Халыққа сондай ризамын. Бәрін құшақтағым келеді. Мені сахнадан анам көріп, ол кісі де жылап қалды. Халыққа басымды жерге тигізіп тұрып, рақмет айтамын», – деді Дүйсенбиева.

Одан кейін актер Уәлибек Әбдірайымовпен болған қызықты сәтті есіне алды.

“Дина үйге келген. Есікті ашып қалса, бір тотықұсы өліп қалыпты. Ол ақырып жылаған. Өзі аса эмоциналды қыз ғой. Уәлибек ағалар ол кезде Арысқа жетіп қалған. Сол сәтте Уәкеңнің әйелі Динаға хабарласқан. Ол қатты жылап, сөзін дұрыс жеткізе алмай қалған. «Жұлдызай әперген тотықұс өлді» дегені Уәлибек ағаның келіншеніне «Жұлдызай өлді» деп естілген ғой. Жанар әпке шошып, «Қашан?» десе, «Білмеймін, үйге келсем өліп жатыр» деп жауап берген Дина. Солай Уәлибек аға көлікті бұрып, қайта артқа қайтқан. Сол кезде ағамыз үйге жеткенше өз-өзіне келе алмағанын айтты. Аяғы дірілдеп шыға алмаған. Бесінші қабатқа көтерілсе, есік ашық тұрған. «Кіре алмай, тұрып қалдым» деді. Солай кіріп, жағдайды білген. Үйге келе жатқанда Уәлибек аға маған хабарласқан екен. Жолда болған соң желі ұстамаған. Ол кісі мені шынымен өліп қалды деп ойлаған. Сонда Уәкеңнің маған деген жанашырлығын ерекше сезіндім. Ол кісі маған әке болды ғой», – актриса.

Серіктес жаңалықтары