Белгілі вайнерлер сотқа мерзімінен ерте босату туралы өтініш түсірді

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты материалдар Түрксіб аудандық сотына қарауға жолданды.

Белгілі вайнерлер сотқа мерзімінен ерте босату туралы өтініш түсірді
instagram
241

Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша 5 жылға сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірді.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты материалдар Түрксіб аудандық сотына қарауға жолданды.

Бұған дейін Павлодар облысының № 44 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыдағы колонияға ауыстырылғаны туралы жазған едік.

Еске салайық, былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Аталған іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары