Ғалымдар 5 700 жылға жететін «мәңгі батарея» жасап шығарды

Ғалымдар 5 700 жылға жететін «мәңгі батарея» жасап шығарды
сурет: istockphoto.com
342

Ғалымдар қуаттамастан мыңдаған жыл жұмыс істей алатын жаңа ұрпақ батареясын таныстырды. Жаңа технологияның негізінде радиоактивті көміртек-14 жатыр, бірақ әзірлеушілер бұл құрылғының қауіпсіз екенін және радиацияның сенімді түрде оның қабығында оқшауланғанын айтады.  

Батареяның өлшемі небәрі 1x1 см болғанымен, оның қуаты ғасырларға жетеді. Ғалымдардың айтуынша, құрылғы 5 700 жыл бойы үздіксіз жұмыс істей алады. Бұл батарейканы әзірлеу кезінде ядролық қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы қолданылған, бұл оны экологиялық тұрғыдан да маңызды жаңалыққа айналдырады.  

Мәңгілік батарейкалардың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді қуат көзі қажет ететін құрылғыларға энергия беру. Мәселен, оларды ғарыштық зерттеулерде, медициналық импланттарда (мысалы, кардиостимуляторларда) немесе шалғай және қиын қолжетімді аймақтарда пайдалануға болады.  

Батарейканы жасаушылардың айтуынша, оның қауіпсіздік деңгейі жоғары. Қабық радиацияның сыртқа шығуына мүмкіндік бермейді, ал ішіндегі көміртек-14 табиғи ыдырау арқылы энергияны баяу және тұрақты түрде өндіреді.  

Бұл инновация энергия сақтау саласында төңкеріс жасауға қабілетті және болашақта көптеген саланы өзгертуі мүмкін. Ғалымдар осындай батарейкалар энергетика мен экология саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашатынына сенімді. 

Серіктес жаңалықтары