927
Грузияда мейрамханадан 12 адамның денесі табылды
Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды
Грузиядағы Гудаури тау-шаңғы курортында үнді мейрамханасының ғимаратынан 12 адамның денесі табылды, олардың 11-і шетел азаматтары.
Грузияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, марқұмдардың денесінде азаптау белгілері анықталмаған. Ведомствоның алдын ала деректеріне сәйкес, ғимарат ішінде бөлме жанында генератор орнатылған. Ол нысанға электр энергиясы үзілген кезде қосылған болуы мүмкін.
Марқұмдардың денелері екінші қабаттағы жатын бөлмеден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар – мейрамхана қызметкерлері.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында сарапшы-криминалистер жұмыс істеп, жауап алуда. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.