Нугул атты қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді.
Prosports.kz мәліметінше, «Мейдан» ипподромында өткен 1200 метр қашықтықтағы бәйгеге 5 тұлпар қатысты. Нугул мен жокей Эндрю Слаттери 4-нөмірде жарыс жолына шықты.
Алғашында қазақстандық тұлпар бәрінен артта келе жатқанымен, мәреге бірнеше метр қалғанда оза шауып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің сәйгүлігі. Тұлпардың бапкері – үндістандық Бхупат Симар.