Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған

Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған.

Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
472

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған смартфонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған. Тексеру барысында смартфон, сим-карта және зарядтағыш құрал тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары