463
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
13 желтоқсан сағат 06.00-де шектеу алынады деп жоспарланған.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 12 желтоқсанда сағат 19.15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлады turkystan.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінше, Ақтөбедегі “Самара-Шымкент” республикалық автожолының 526-702 шақырым аралығындағы (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ “Самара-Шымкент” республикалық автожолының 266-526 шақырым аралығындағы (Подстепное ауылынан Ақтөбе шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдар 13 желтоқсан сағат 06.00-де ашылады деп жоспарланып отыр.