Сапасыз жол үшін Алматы облысының шенеуніктеріне 16 млн теңге айыппұл салынды

321 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сапасыз жол үшін Алматы облысының шенеуніктеріне 16 млн теңге айыппұл салынды
istockphoto.com
Автор
Админ
210

Жыл басынан бері Алматы облысының Полиция департаменті автожолдардың сапасын тексеріп, 1579 зерттеу жүргізген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде жол сапасына қатысты көптеген кемшілік анықталған. 321 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Олардың арасында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Кажсервис» ЖШС бар. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 631-бабы бойынша 36 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 16 млн теңгеден асады. Бұрын берілген ұйғарымдарды орындамағаны үшін 30 әкімшілік материал толтырылған», - деді Ішкі істер министрлігі.

Серіктес жаңалықтары