Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды

Екеуі бірге ішімдік ішкен.

Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
184

Жамбыл облысындағы оқиға биылғы жылдың сәуір айында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мал бағатын шаруа қожалығында екі ер адам ішімдік ішіп, жанжалдасқан. Екеуі төбелесіп, бірі екіншісін соққыға жығып, басынан кірпішпен бірнеше мәрте ұрған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Қылмысын жасыру үшін мәйітті атпен алыс жерге апарып тастаған.

Сотта ол кінәсін мойындады. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Серіктес жаңалықтары