268
Алғашқы «алтын»: Боксшы Виктория Графеева Азия чемпионы атанды
В. Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цяньге Лимен қолғап түйістірді.
Қазақстан құрамасының спортшысы Виктория Графеева бокстан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. Жарыс Таиландтың Чиангмай қаласында өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, сәтті нәтиже көрсетті. Шешуші кездесуде қазақстандық боксшы Қытай спортшысы Цян Лиден басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль әкелген Виктория Графеева. Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.