Қазақстанда ұрлық-қарлық азайған

Прокуратура статистиканы жариялады.

Қазақстанда ұрлық-қарлық азайған
istockphoto.com
Автор
Админ
175

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 11 айында ұрлық саны 40 458-ден 29 089-ға дейін азайған.

Ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727) ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).

Ұялы телефондар ұрлығы -31,2%-ғатөмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін).

Ұялы телефондар ұрлығының еңкөбі Алматыда – 1 989 және Астанада  – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54.  

Автокөлік ұрлығы -46,1%-ға, яғни 256-дан 138-ге дейін төмендеген.

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың-33,7%-ға, яғни 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.

Сондай-ақ, мал ұрлығы -30,3%-ға яғни 1 432-ден 998-ге дейін зайған.

Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі  Алматы-194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97; облыстарында тіркелген.

Серіктес жаңалықтары